1 қарашада Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты А.-ға қатысты кәмелетке толмаған адамды зорлау және жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасау фактілері бойынша (ҚК 120-б. 3-2-б. 3) т., 121-б. 3-2-б) 3) т.) бойынша қылмыстық істі қарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Істің мән-жайын заңмен жария ету мүмкін болмағандықтан, іс жабық сот отырысында қаралды.
Сотта прокурор А.-ны 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Кәмелетке толмаған жәбірленуші А. мен оның заңды өкілі прокурордың пікірімен келісті.
Сотталушы А., өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне толық өкінді. Оның адвокаты соттан ауруына байланысты жазаны өтеуді кейінге қалдыру мүмкіндігін шешу үшін куәландыруды тағайындауды сұрады.
А.-ның кінәсі сот-медициналық сараптамаларының қорытындыларымен, жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сотталушының өзінің кінәсін мойындауымен және іс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.
Қылмыс аса ауыр қылмыстар санатына жатады, ол үшін негізгі жаза ретінде 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген.
ҚК-тің 75-бабының 4-бөлігіне сәйкес кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты жасаған адамдарға ауруына байланысты жазаны өтеуді кейінге қалдыру қолданылмайды.
Істің мән-жайын және А.-ның жеке басын ескере отырып, оған түпкілікті 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сондай-ақ А. өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.