Мәжіліс төрағасы Ерлан Қоша­нов Қырғыз Республикасына рес­ми сапары аясында Жогорку Кенеш төрағасы Нурланбек Шакиевпен кездесіп, Қазақстан мен Қырғызстан парламенттері арасындағы ынтымақтастық жөнін­дегі Парламентаралық кеңестің екінші отырысына қатысты. Сон­дай-ақ ресми сапардың екінші күнінде Ерлан Қошановтың Қырғыз Республикасы Президенті Садыр Жапаровпен кездесті.
Мәжіліс спикері Қырғызстанға ресми сапармен барды
657
оқылды

Жогорку Кенеш депутаттарымен кез­десу барысында басты тақырып – парла­мент­аралық ынтымақ­тас­тық­ты нығайту болды. Мәжіліс Төрағасы екі мемлекет басшылары ара­сындағы келісімдерді заң­нама­лық тұр­ғыда қамтамасыз ету Қазақ­стан мен Қыр­ғызстан парламент­шілерінің басты міндеті екенін атап өтті.

– Ағайынды Қырғызстан әр­дайым еліміз­дің сенімді стратегия­лық серіктесі және солай болып қала бермек. Соңғы жылдары жоғары деңгейдегі кездесулердің қарқыны да, мазмұны да ынтымақтас­тығы­мыз­дың одақтастық сипатын ай­шық­­тайды. Президент Садыр Жапа­ровтың биыл­ғы Қазақстанға жасаған ресми сапары­ның тарихи маңызы зор болды. Одақтастық қатынас­тарды тереңдету мен кеңейту туралы мемлекетаралық шарт және бірқатар маңыз­ды салалық келісімге қол қойылды, – деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс Спикері қырғыз әріп­тес­теріне Қазақстанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың бас­тамасымен жүргізіліп жатқан саяси өзгеріс­тер туралы айтып берді. Ол сондай-ақ көп­партиялы Мәжілістің VIII шақы­рылымдағы заңнамалық қызметі туралы хабардар етті. Әсіресе, Қазақстан қоғамы үшін маңызы зор «Ұлттық қор – балаларға», әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, құмар ойынға тәуелділік пен есірткі өндірісіне қар­сы күрес туралы заңдарға кеңінен тоқталды.

Мәжіліс Төрағасы екі ел депутат­тары ара­сында ең өзекті мәселелерді жедел ше­шуге мүмкіндік беретін тұрақты және сындарлы диалог орнағанын атап өтті.

Ерлан Қошанов ТМД Пар­ламентаралық Ассамблеясы, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассам­блеясы, Ұжым­дық қауіпсіздік шарты ұйы­мы­­ның Парламенттік Ассамблеясы, Түркі мемлекеттері ұйымының Парла­мент­тік Ассамблеясы, сондай-ақ «Орталық Азия – Корея Респуб­ликасы» парламенттері спикер­лерінің кездесу форматтары аясында ынтымақтастықты одан әрі нығай­туға ниетті екенін мәлімдеді. Ол Қазақстан мен Қыр­ғызстан ара­сындағы парламентаралық ынты­мақ­­тастықтың ерекшелігі ретінде халықаралық бастамаларды өзара қолдау­дың тұрақтылығына назар аударды.

Кездесу соңында Мәжіліс Спикері Жогорку Кенеш төрағасы Нурланбек Шакиевке Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Рес­публикасы арасындағы екіжақ­ты қарым-қатынасты нығайтуға және дамы­туға қосқан елеулі үлесі үшін «Достық» ор­денін табыстады. Жогорку Кенеш тө­ра­ға­сының орын­басары Нұрбек Сыды­галиевке Құр­мет грамотасы берілді.

Парламентаралық ынтымақтас­тық кеңесі­нің екінші отырысында депутаттар экономика, инвестиция, су энергетикасы, көлік, білім беру және мәдени-гуманитар­лық сала­лардағы ынтымақтастықты тал­қылады.

– Екіжақты ынтымақтастықтың маңыз­ды бағыты – су қауіпсіздігі. Бұл саладағы тиімді әріптестік су ресурстарын ұтымды әрі әділетті пайдалануға, тараптардың мүдде­лерін ескеруге және өзара міндет­теме­лерді орындауға негізделеді. Биыл бірлесе атқар­ған шаралардың арқасында суару маусымы еш шығынсыз өтті, – деді Ерлан Қоша­нов.

Депутаттар энергетика саласын­дағы байланысты дамыту мәселесін де талқы­лады. Мәжіліс Спикері биыл жазда Қазақ­стан, Қырғызстан және Өзбекстан ара­сында Камбар-Ата гидроэлектр стансасын салу туралы үшжақты келісімге қол қойылуы маңызды оқиға болғанын атап өтті.

Мәдени-гуманитарлық саладағы қа­рым-қатынас туралы айта келе, Парламент төра­ға­лары мемлекет басшыларының тапсырма­сымен мәдениет, бұқаралық ақпарат құрал­дары, туризм салаларында бірлескен жобалар сәтті жүзеге асырылып жатқанына тоқталды. Жастар мен сту­денттер белсенді түрде тәжірибе алмасып жатыр. Бүгінде Қыр­ғызстанда Қазақстан­ның екі жоғары оқу орнының филиалы жұмыс істей­ді.

Парламентаралық кеңестің екінші отырысы соңында Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші мен Қазақстан Респуб­ликасы Пар­ламенті арасындағы ынтымақ­тастық бойынша Парламентаралық кеңес туралы ережеге қол қойылды.

Сонымен қатар сапар барысында Мәжі­ліс Төрағасы мен депутаттар 1916 жылғы қайғылы оқиға кезінде қаза тапқандарға арналған ескерт­кішке гүл шоқтарын қо­йып, ұлы қырғыз жазушысы Шыңғыс Айт­матовтың зираты мен мұражай-үйіне барды.

Ресми сапардың екінші күніне Ерлан Қошановтың Қырғыз Рес­публикасы Пре­зиденті Садыр Жапаровпен кездесті.

Мәжіліс Спикері Қырғызстан басшы­сына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізі мен ізгі тілегін жеткізді. Сон­дай-ақ Садыр Жапаровтың бауырлас халықтар арасындағы достық пен одақтастық қатынастарды нығайтуға қосқан зор үлесін атап өтті.

Ерлан Қошанов қазіргі таңда Орталық Азия тұтас өңір ретінде жаңа даму кезеңін бастан кешіп жатқанына, бұл кезеңді Қазақстан Президенті «Орталық Азия Ре­нессансы» деп атағанына назар ау­дарды. Мәжіліс Төрағасы мемлекет басшылары қабылдаған «Орталық Азия–2040» өңірлік ынтымақ­тастықты дамыту тұжырымдама­сын жүзеге асыруда парламенттердің бел­сенді рөл атқаруға ниетті екенін жеткізді.

Қырғызстан Президентіне Жогорку Кенеш төрағасы Нұрланбек Шакиевпен кездесудің және Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеші мен Қазақстан Респуб­ликасы Парламенті арасындағы ынтымақ­тастық жөніндегі Парламент­аралық кеңес­тің екінші отырысының нәтижелері туралы ақпарат берілді. Мәжіліс Спикері екіжақты қатынас­ты нығайтудағы Кеңес жұмысының маңыздылығына ерекше тоқталды.

– Парламентаралық кеңес Қазақстан мен Қырғызстан арасын­дағы саяси диалог пен өзара түсініс­тікті одан әрі тереңдетуге ықпал ететін болады. Оның тиімділігін кө­ріп отырмыз. Кеше қырғыз әріп­тес­тері­мізбен сауда-эко­номика, ин­вестиция және мәдени-гумани­тарлық ынтымақтастықтың келе­шегін талқыладық. Шекаралық бақы­­лау, су және энергетика қауіп­сіздігі сала­ларын­дағы ықпалдас­тыққа де ерекше көңіл бөлдік. Со­ны­мен қатар біздің Кеңес заң шы­­ғару қызметінде тәжірибе алма­суға, туындаған мәселелер бо­йынша шұғыл шешімдер қабылдауға және парламент­теріміздің депу­тат­тары ара­сындағы байла­нысты нығайтуға зор мүмкіндік береді, – деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс Спикері сондай-ақ Қырғыз Республикасына алдағы Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалығына табыс тілеп, екі ел депутаттарының ТҮРКПА, ҰҚШҰ ПА, ТМД ПА секілді халықаралық алаңдарда және аймақ үшін жаңа форматтағы «Орта­лық Азия – Корея Республикасы» Парла­мент спикер­лерінің кеңесінде келісілген жұмы­сын атап өтті.

Қырғыз Республикасының басшысы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сәлемін жолдап, оның жетек­шілігімен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды жоғары бағалады.