Оқиға Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылында болған.
Ақтөбе облысында итті аяусыз пышақтаған оқушы полицияға жеткізілді (Видео)
Фото: видеодан кадр
1,264
оқылды

Әлеуметтік желіде итті аяусыз тепкілеп, пышақтаған мектеп оқушысының видеосы тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Оқиға Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылында болған. Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баланың кім екені анықталғанын мәлімдеді. Оқушы өзінің ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілді.

«Әлеуметтік желіге талдау жүргізу барысында жас баланың итті қорлап, пышақ сұққан бейнежазбасы анықталды. Тексеру барысында оқиға биыл мамыр айында Темір ауданының аумағында болғаны және жануарға қатігездік танытқан 9-сынып оқушысы екені белгілі болды. Оқушы өзінің ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Сонымен қатар, оқиға аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия отырысында баланың ата-анасының қатысуымен қаралады. Жасөспірім полицияның есебіне қойылады. Сонымен қатар, қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр», – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от АКТОБЕ | AKTOBE | 04 (@aktobe365)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.