«Орда» тобының мүшелері енді бірге өнер көрсетпейді, – деп жазды Aikyn.kz.
Әнші Дастан Оразбеков Revue News бағдарламасында жақында топтың қоштасу концерті болатынын, ары әркім өнерде өз жолымен жүретінін айтты.
“Осы жылғы тур біздің ортақ соңғы турымыз болмақ. 15 ақпанға үлкен қоштасу кеші жоспарланып отыр. Бұл "Орданың" 25 жылдық қоштасу концерті болады. Меніңше, тарайтын кез келді. Әрқайсымыздың жұмысымыз бар дегендей. Көңілде қимастық бар, әрине", – деді Дастан Оразбеков.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.