50 жастағы ер адам өз еркімен белгісіз бағытқа кеткен.
Ақмола облысында психоневрологиялық ауруханадан ер адам қашып кетті
Голос народа
211
оқылды

Ақмола облысында психиатриялық науқас ретінде есепте тұрған ер адам мамандандырылған медициналық мекемеден қашып кетті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Polisia.kz сайты жазғандай, 2024 жылғы 31 қазанда  Ақмола облысының психоневрологиялық аурумен ауыратындарға арналған арнайы мекемесінен қорғаншылықтағы және психиатриялық науқас ретінде есепте тұрған 50 жастағы ер адам өз еркімен белгісіз бағытқа кеткен.

Ол жоғалып кеткеннен кейін мекеме қызметкерлері аудандық ішкі істер бөліміне науқасты табуға көмек сұрап хабарласқан. Полицейлер бірден жоғалған адамды іздеуге кірісті. Жедел-іздестіру шаралары барысында олар науқастың мүмкін болатын жүру бағыттарын пысықтады, жергілікті тұрғындардан келіп түсетін сигналдарды зерттеп, жақын маңдағы елді мекендерді патрульдеу жұмыстарын күшейтті.

1 қарашада ер адам жақын маңдағы ауылдардың бірінен табылды. Қазір ол мекемеге жеткізіліп, қызметкерлерге тапсырылды. Бұл факті бойынша тергеу басталып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.