Өнер иесі бұрынғы енесінің қатты қызғаншақ болғанын есіне алды.
Сезімдерің суып жатса, ажырасыңдар деді: Сиви Махмуди отбасылық өмірі туралы айтты
2,887
оқылды

Белгілі әнші Сиви Махмуди журналист Анна Данченкоға сұхбат беріп, отбасылық өмірі туралы айтты, деп хабарлайды Aikyn.kz

«Енем баласын қатты қызғанды. Тіпті, ортамызға келіп жатып алатын. Келін болып түскен күні “Сезімдерің 2-3 жылдан кейін суып жатса, ажырасыңдар” деді. Мен сол сөзіне қатты таңғалатынмын. Осы күнге дейін экс-енем де, жолдасым да балаларды сұраған емес»,  деп жазды Сиви Махмудидің сөзін Azattyq Rýhy.

Сонымен қатар ол іздеуде жүрген күйеуінің қандай адам болғанын айтты.

«Біз үйленген жылдары жұмыс істейтін. Сосын 2-3 жылдан кейін істемей қалды. Таңертеңнен кешке дейін үйде ұйықтай беретін. Өзім жұмыс істеп, табыс тауып, балаларымды асырадым»,  деді әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Астана қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті әншінің бұрынғы жары Аңсар Қажымұқанұлына іздеу жариялағанын хабарлаған болатын.