Жобаның мақсаты – тұрғындардың бастамасы мен ұсыныстары бойынша ауданды абаттандыру.
"Халық қатысатын бюджет" жобасына өтінімдер қабылдау басталды
455
оқылды

Астанадағы Байқоңыр ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында абаттандыру үшін өтінімдер қабылдау басталды, -  деп жазды әкімдіктен.

Өз ұсыныстарын Байқоңыр ауданының кәмелетке толған барлық тұрғындары жібере алады.

"Егер Сіздің жобалық ұсынысыңызды дауыс беру процесінде басқа тұрғындар қолдаса, ол биылғы  жылы қалалық бюджет қаражаты есебінен іске асыруға ұсынылатын болады.

Ұсыныстарды Байқоңыр ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына WWW.BAIKONYR-ASTANA.KZ жіберуге болады («Халыққа қатысатын бюджет-2025» бөлімінде)", - делінген хабарламада.

Ұсынысты жіберу үшін өтінімді толтыру қажет (жобаның атауын, оның сипаттамасын көрсету), сұлбасы мен сметаны (индикативті болуы мүмкін), ағымдағы күйдің фотосуреттерін, қалауыңыз бойынша презентацияны тіркеу қажет. Осы бөлімде осы жобаның ережелері, типтік-жобалық ұсыныс, жоба бойынша іс-шаралар мерзімі, сараптамалық кеңестің құрамы көрсетілген.

Сараптамалық кеңес шешімінің нәтижелері әкімдіктің интернет-ресурсында жарияланатын болады. «Астана қаласы «Байқоңыр ауданы әкімінің аппараты» ММ сараптамалық кеңесінің шешімі негізінде жобалық ұсыныстарды іске асыруға кіріседі.

Жобалық ұсыныстарды іске асыру барысы, сондай-ақ оларды іске асыру қорытындылары туралы ақпарат әкімдіктің интернет-ресурсында жарияланатын болады.

Ұсыныстар 2025 жылдың 1 наурызына дейін қабылданады.

 «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында қосымша сұрақтар бойынша төмендегі байланыс нөміріне хабарлассаңыздар болады:

+7 701 553 2627 Рахат Кенжетаев, Абаттандыру бөлімінің басшысы