Влад Мун есімді азамат Болат Мун болып өзгерді.
Влад – Болат: Кәріс азаматы есімін неге өзгерткенін түсіндірді
668
оқылды

Влад Мун әлеуметтік желідегі парақшасында не себепті есімін өзгерткенін айтып берді, деп хабарлайды Aikyn.kz

– Мен неге Влад деген есімімді Болат деп өзгерттім? Мен осылай, өткен ғасырдың 30-жылдары кәрістерге аман қалуға көмектескен қазақ халқына алғысымды білдіргім келді, – дейді ол азамат.

Желіде оның бұл таңдауын көпшілік жақсы қабылдағанымен, “хайп ұстап жүрсің” деп сынағандар да болған. Алайда ол “ешкімге ештеңе дәлелдегім келмейді, бұл менің саналы шешімім” деп жауап берді.

Ол желідегі әңгімесінің бірінде Қазақстандағы лагерьге айдалған әйелдерге құрт лақтырып, қиын кезде көмек берген балалардың ерлігін айтады.

“Олар лагерьде орыс па, кәріс пе, неміс пе – кім отырғанын білмеді, жай ғана адамгершілік танытты”,  дейді.