Құтқарушылар адасып қалған балықшыларды тапты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, түнде 112 пультіне Ұлытау облысында екі адамның Сарысу көліне балық аулауға кеткені және байланысқа шықпағаны туралы хабарлама түсті.
- Келген ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қайықпен жүзіп кетіп, адасып кеткен 1960 және 1968 жылдары туған ер адамдарды тапты. Олар зардап шеккен жоқ, – деп қосты ведомство.
Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласыңыздар,- деп ескертті мамандар.