Жанжал екеуі ішімдік ішіп отырған кезде туындаған.
Түркістанда әйел бөтелкелесін пышақтап өлтірген
pexels.com
395
оқылды

Түркістанда әйел бірге тұрған адамды пышақтап өлтірген, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сmn.kz жазғандай, қайғылы жағдай кеше Түркістандағы жеке сектордағы үйлердің бірінде болды. Онда 48 жастағы әйел 52 жастағы серіктесін пышақтап өлтірген. Олар бірге ішімдік ішкен.

Басылымның мәліметінше, ер адам алған жарақатынан сол жерде көз жұмды. Ол қаладағы коммуналдық кәсіпорындардың бірінің қызметкері болған.

Алайда әйел жұмыс істемеген. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында, сот күнін күтіп отыр.