Бірнеше құрылыс компаниясы қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Атырауда құрылыс компаниясы үлескерлерді 313 миллион теңгеге алдап кеткен
Кең Жылой
954
оқылды

Атырау облысы прокуратурасының мәліметінше, Andora Construction ЖШС директоры 2020-2023 жылдар аралығында үлескерлерден ақша тарту үшін әкімдіктен рұқсат алмай, жалған алдын ала келісімдер жасап, 25 азаматты 313 млн теңгеге алдап кетті, - деп жазады Aikyn.kz

2024 жылғы 23 қазанда Атырау қаласының No2 сотының үкімімен ЖШС директоры аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Сондай-ақ, «Назик Групп» ЖШС директоры мен «Атамекен Тұрын үй» тұрғын үй кооперативінің құрылтайшысы Family Town, «Байсанат резиденция» МКҚК-ны осыған ұқсас фактілер бойынша сотталды", - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар биыл прокурорлық қадағалау аясында екі құрылыс компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 1  миллион теңге айыппұл салынды.