Халықтың сүйікті әншісі әлеуметтік желідегі парақшасына видео жариялап, жазба қалдырды.
Маған ешкім жоламайды: Мақпал Жүнісова марқұм Арман Дүйсеновті есіне алды
Іnstagram.com/zhunusova.makpal/
952
оқылды

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм сазгер Арман Дүйсеновті есіне алды, деп жазады Aikyn.kz

“Осындай естелік видео келді. Мен үшін әлі осы өмірде жүргендей! Топырағың торқа болсын”, – делінген жазбада. 

Ал бейнежазбада өнер иесі сахнаға дайындықсыз шыққанын айтып, композитормен дуэт орындайды. 

“Сырласу" бағдарламасынан шығып, осында келдім. Залда Арманның отырғанын көріп қалып, шақырып алдым. Рояльсыз және ешқандай дайындықсыз ән орындап берейік”, – дейді Халық әртісі. 

Кенет сахнаға көтеріліп келе жатқан марқұм сазгердің аяғы тайып кетіп, құлап түседі. 

“Көрдіңдер ме, менің қасыма келетін жігіттер осылай құлайды. Сол үшін де маған ешкім жоламайды. Өйткені біледі арты неге апарып соғатынын”, – дейді бейнежазбада әнші.