Оқыс оқиғаға қатысты аймақтың Полиция департаменті түсініктеме берді.
Ақтауда ер адам қызды ішінен бір ұрып құлатты
518
оқылды

Ақтау қаласында болған оқиға тұрғын үйдің бақылау камерасына түсіп қалған, деп жазады Aikyn.kz.

Видеода ер адамның қызға жақындап, оны ішінен қатты ұрып жібергені және оқиға орнынан кетіп қалғаны байқалады.

Lada.kz жазғандай, қыз құлап, қайта тұра алмай қалады. Біраз уақыттан кейін үй тұрғындарының бірі мен сол ер адам қызды тұрғызуға тырысқан.

Осы жағдай бойынша аймақтың Полиция департаменті түсініктеме берді.

«Оқиғаға қатысты ешқандай арыз немесе өтініш түскен жоқ», – деп хабарлады ведомство өкілдері.