Түркістан облысының полицейлері әлеуметтік желілерге жүргізген мониторинг кезінде бірқатар заңбұзушылықты анықтады.
Түркістан облысындағы тасжолда кортеж ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды
Түркістан облысы ПД
1,376
оқылды

Қабылданған жедел шаралардың арқасында оны жасаған жүргізушілер анықталып, жауапқа тартылды, деп хабарлайды Aikyn.kz

Атап айтқанда, патрульдік полиция тобының назарына "Алматы-Ташкент-Термез" тасжолында кортеж ұйымдастырған бірнеше көлік іліккен. Тәртіп сақшылары бейнежазбада жол ережесін бұзып, басқа көліктердің жүруіне кедергі келтірген көліктер іздестірген. Нәтижесінде, екі  Mersedes-Bens көлігінің жүргізушілері анықталған. Бұл екі жүргізуші Сайрам ауданының тұрғындары болып шыққан.

Жол қозғалысы ережесін бұзған көлік тізгіндеушілеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ жас жігіттерге «Жол жүрісіне қатысушының жол жүрісі қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы» бойынша хаттама толтырылды. Бұдан бөлек, бейнежазбадағы басқа да көлік жүргізушілерін тез арада тауып, жауапқа тарту жұмыстары жүргізілуде, деп атап өтті полициядан.