Тізімге құрылысы әлі басталмаған рұқсат құжаттары жоқ нысандар кірді.
Алматыда сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үйлердің тізімі жарияланды
1,831
оқылды

Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы сатып алуға ұсынылмайтын 36 тұрғын үй кешенінің тізімін жариялады. Тізім құрылысқа рұқсат беру құжаттарының толық пакеті жоқ, сондай-ақ жобадан ауытқулармен және басқа да бұзушылықтармен салынған бірқатар тұрғын үй кешендерімен (ТК) толықтырылды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

Айта кету керек, тізімге құрылысы әлі басталмаған, рұқсат құжаттары жоқ нысандар кірді. Басқарманың ақпаратына сәйкес, осындай ТК бойынша ұсыныстар интернет-ресурстардың мониторингі нәтижесінде анықталады.

Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының WhatsApp +7 705 896 60 00 анықтамалық арнасы бойынша ТК құжаттарының толық пакетінің бар екеніне көз жеткізген жөн.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.