Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы
«Поэзия» номинациясы: Мен – Отпын
180
оқылды

Бүркеншік аты: Kulshekyz

 

 

Мен – Отпын

Қызуы көп басқадан сеземісің,

Мен  Отпын

Сөндірмек болсаң өртенесің

Әлеміңді жарық етем сәулеммен.

Менсіз қалай өмір сүрмексің?

Мен  Отпын

Тайталасқан талаймен

Шабыт келсе тұтанбаймын қалай мен?

«Дода» десе қызыл сары шоқтарым

Алау болып ұстай алмай қалам мен.

Мен – Отпын

Көзді арбаған хор еткен

Ғашықтарды тілсіз күйде сөйлеткен

Мен  Отпын

Махаббатпын, арманмын

Жалын болам түрлі- түсті көйлекпен.

Мен – Отпын

 Қиял беріп еріткен

Тұла бойды шымырлатып жібіткен.

Мен – Отпын

Құдіретпін себебі:

Алай-дүлей көлеңкемді билеткен.

Мен  Отпын....

 

Уақыт

Мынау аспан, көк далам                                       

Адамдардың тұрағы   

Тәңір жазған тағдырлар

Әр пенденің сынағы

Таң атады, батады

Зымыраған бұл уақыт

Бүгін жүрген жолдарың

Өміріңнің парағы

 

Уақыт.....

Тоқтау барма өзіңе,

Уақыт.....

Бағалысың өзіме

Уақыт барда адамдар

Бір-біріңді қадірле!

Бір- біріңді қадірле!

Байқамаймыз, шаламыз

 

Ақыл айтқыш данамыз

Сыртың сұлу болғанмен

Сұлу ме екен сананыз?

Өкпелеуге уақыт жоқ

Мәңгі емес бұл өмір

Сен ояусың, тірісің!

Қозғалмауға хақың жоқ.

 

Уақыт...

Тоқтау барма өзіңе,

Уақыт...

Бағалысың өзіме

Уақыт барда адамдар

Бір-біріңді қадірле!

Бір- біріңді қадірле!

Байқамаймыз, шаламыз                                            

 

Жастарым

Тәуелсіз күнім, күмбездей көк аспаным,                             

Келбеті- өр, жанары- жалын жастардың.                  

Арманы- айдын, сенімнің тасып арнасы,

Арыстар шығар белесі биік асқардың.

 

Жолбарыс жүрек, қара нар күші қайтпайтын,

Сенімін елдің рухымен биік ақтайтын.

Жастарым- жарқын болашақ өмір иесі,

Білекпен қатар білімді қоса жақтайтын.

 

Дәстүрге берік болыңдар серік ақылға,

Әділет жолы жалғанды бұзып жақында.

Табанды тәрбие тұнығы бойға дарысын,

Берілмес жандар тоңбайды ешбір салқынға.

 

Тәртіптің құлы – елінің үлгі пырағы,

Сапары жақын, мұраты болар тұлпары.

Қажымас талмас қанаты қатты жастарым

Құламас шыңнан Қазақтың біздей ұрпағы!

 

Махаббат пен ар

Түн...

Тауып жатыр шексіз аспан бір тыным.

Жамылғысын жауып алып көк күлгін

Дала шуы естілмейді тек қана

Көшелерде ауық- ауық бір түтін.

 

Ай да көркем көрінеді алыстан.

Саябақта ғашықтар бар табысқан.

Таяу жерде көрінді бір көлеңке

Екі адам бір адамдай жабысқан.

 

Аяңдаймын келе жатып көшеде,

Көріністер шынайы ма елес пе?

Ғашық болсаң әлдекімге осылай

Есі кетіп құшақтасу керек пе?

 

Біздің кезде жігітте бар ұяңдық.

Қызды көрсе тұрады олар жиналып

Құшақтамақ түгіл қолды ұстауға

Рұқсат сұрап сөйлейтін еді қиналып.

 

Ой мазалап келді дағы бойымды

Көшедегі тәртіп неге бұзылды?

Сонда менің хақым жоқпа қарағым?

Қараңғы да бұруға да мойнымды

 

Қазір бәрі...

Ашықтық..

Иә, ашықтық

Құшақтасу, сүйісу-

Бұл не деген бассыздық?!

 

Таяу жерде көлеңке де барма ар?

Түрлері де жоқ ау сірә ұялар

Қыз бен жігіт осылайша жабысса

Махаббатта сонда қандай сый қалар?

 

Көрдім, көріп жүрмін жастардың,

Мәдениетін көшедегі ақтар кім?

Айтар сөзге естір құлақ болса ғой

Мақтау сөзге қанық болар шақтарың.

 

Жақсылық туралы

Мінсіз емес пендеміз ғой мін тапқыш                        

Көңілдері көпшіліктің тұрақсыз

Кейде мақтап, кейде даттап жүретін

Болмаса жұрт, қалар едік «құлақсыз»

 

 Жақсылықты жарлық етсе құба- құп

Жалғандықты шын десе де шыдадық.

Күншіл, міншіл болсадағы мінезі

Жұртымызды жақсы көріп шыдадық

 

Әр сөзіне сенеміз біз иланып,

«Жұрт айтты» деп өзімізді тыймадық.

«Он күнәнің бірі- тіл» деп білсек те

«Пендеміз» деп ақталамыз бұралып

 

Тоқтау барма көңілдің көсеуіне

Тілекші жұрт барыңның  өсуіне

Сен туралы айтылса «Айта берсін»

деп жүреи бер еш алмай көңіліңе.

 

***

Қасиетіне баға берер елденбіз.

Жақсы адам болу үшін келгенбіз

Жаман ойдан ада болып жүрейік.

Жақсылықтан жаратылған пендеміз.

 

Жақсы адам деймісің тәніңді?

Өткізіппе ең жақсы іспен әр күніңді?

Жүрегің жомарт болса ғана жеңеді

Ала жіппен торланған мына әлемді.

 

Жақсы болып көрінгенмен біреулер,

Жаратқанның сынағынан сүрінер

Қайсы досым қайсы дұшпаным деймісің?

Сырттарынан бір- біріне күлгендер.

 

Жақсылыққа ұмтылмаймыз неге біз?

Жамандықпен сырласқандай күйдеміз?

Жақсы адамды тірісінде пір тұтпай

Өлген кезде «жақсы еді..» деп білеміз.

 

О жаратқан!

Жойылып арсыз түндер төңіректен,

Көңілдер салқындықтан мың сөгілген.

Мұз қатқан кеуделерге мейірім бер

Бар жақсы туады ғой ақ ниеттен.

 

Ей  адамзат, жақсылықты сүйемін.

Ұнайды маған да,

саған да,  жақсы болып жүргенің.

Жақсы адам болу үшін келгенбіз.

Жақсылықта әлем жарық білемін.

 

Шикілігі қоғамның   

Жаутаңдаған жанар бар

Айталмайды сырларын

Ей адамдар, қараңдар

Шикілігін қоғамның

Қайтіп оң деп санаймыз?   

Ойландырды адамды

Заманымның зары бұл

Туа сала сәбиін

Тастап кеткен ананы

Қайтіп ана атаймыз?

Ұстай алмай тұтқасын,

Тастап кеткен отбасын

Төлемейтін еркек бар

Алиментке ақшасын

Қайтіп әке атаймыз?

Тұншықтырған сананы

Жабыстырған жаланы

Қорқынышты діндер бар

Адастырар адамды

Қайыр сұрап алақан

Тиын тебен тереді

Толған әулие сәуегей

Бәрін айтып береді

Қоғамдағы бұл шала

Тесік шатыр шаршатты

Жетім- жесір сенделіп

Ала алмайды баспана

Еркектер бар сау басын

Ішімдікке беретін

Арын сатқан әйел бар

Жеңілдерге еретін

Қайтіп дұрыс санаймыз?

Ер мен әйел тең болды

Әйел деген шен болды

Бесігіңді түзейтін

Елім міне кез болды.

 

Тәуелсіздік

Күн көзімен шағылысып жанарым,

Шабыт берді еркін көгім шапағат.

Алтын елім «Армысың!» деп ардағым

Сөз бастасам жырым болар ақ қанат.

 

Қорқынышты дүрбелең көп заманда

Салауат ел аман болсын әманда

Тәуелсіздік –Алты Алаштың терегі

Батыр елді баянды ет саяңда.

 

Аңыз емес баһадүрлер ақиқат

Шұғыладан көрініп тұр күн азат

Бабалардың орындаған арманын

Арлан қазақ киелі бөрі қазақ.

 

Үлкен үлес- елге деген құрметің

Мақтан етем патриоттар еңбегін

Нұрлы жолда Нұрсұлтандай патшамен

Қасым- Жомарт Кемелұлы еренін.

 

Жауһар елдің жаһандағы асылы

Бабаларға тағзым ету қақ тегі

Естігенде шымырлайды тал бойым

Бір өзіңсің қазынадан керегі

 

Ақын емес, ақынжанды пендемін

Самғай берер еркін көкте беделім

Бақуатты бағы жанған бақ елде

«бақыттылар» өмір сүрсін дегенім

 

Тәуелсіздік  бердің маған күш арман

Бар ғаламға атыңды айтып жар салам

О тәңірім, бақыттымын өйткені

Еркін елде еркін өстім дей алам .