Танымал блогер Сәкен Қағаров үйленуге ұсынысты аса ерекше жасау үшін барын салған.
Ол "Иә" деді: Айжұлдыз Адайбековаға сүйіктісі Исландияда сөз салды
saken_kagarov
493
оқылды

Белгілі актриса Айжұлдыз Адайбековаға сүйіктісі Сәкен Қағаров үйленуге ұсыныс жасады, деп жазады Aikyn.kz.

 Адайбековаға блогер туған күнінде шетелге саяхатқа шақырып, Исландиядағы сарқырамада өзіне тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған.

Қос ғашық жеке өміріндегі бұл қуанышты жаңалықты Instagram желісінде жария еткен. "Ол "Иә" деді", - деп қуанышын бөлісті Қағаров.

Желі қолданушылары жастарға ақ тілектерін жолдап, лүпілдерін жаудырды.

"Бақытты болыңдар", "Өте жарасымды жұп", "Махаббаттарың баянды болсын", "Өзіме қатты ұнайды осы жұп", "Қандай ерекше ұсыныс. Жарайсың, Сәкен", "Әр әйел бақытты болуға лайықты. Бағың ашылсын", "Құттықтаймыз, бақытты болыңдар", - деп жазуда көпшілік.