Комиссия мүшелері алдымен «Ұлы дала» мөлтек ауданындағы 1 200 орындық мектеп құрылысына зерделеу жұмыстарын жүргізді. Бүгінде білім нысанының 92 пайызы аяқталған. Қазір тек абаттандыру және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Нысан құрылысы алдағы бір ай көлемінде толығымен аяқталады. Айта кетерлігі, техникалар мен жиһаздар да толық келген. Комиссия мүшелері құрылыстың аяқталып қалғанын назарға ала отырып, қалалық білім бөлімі қызметкерлерінің нысан басында жоқ екенін қатаң сынға алды. Ол бойынша комиссия ұсыныс беретін болады.
Келесі кезекте комиссия мүшелері «Бурыл А,Б,В, Г» тұрғын алқабына асфальт жол төсеу жұмыстарын назарға алды. Биылдыққа аталған аумақтың 17 көшесіне асфальт төсеу жоспарланса, қазір 7 көше толығымен аяқталған. Ол жұмыстарды мердігер компания «Арайстроймаркет» ЖШС өз жауапкершілігіне алған. Бурыл алқабындағы жалпы ұзындығы 33,7 шақырым болатын 75 көшені асфальттау жоспарда.
Ә.САМАТҰЛЫ