Жусанды даламыздың желмаясы атанған жыр жампозы Жабайыл Бейсенов 1972 жылы жазған «Кіндігімнің жас қаны, тамған жері ауылым» деп басталатын әні бүкіл елге танымал.
«Құрмет» орденімен марапатталды
370
оқылды

Ұзақ жыл­дар бойы ұла­ғат­ты ұс­таздық пен тума талант ақын­дықты домбыра­ның қос ішегін­дей қас­тер­леген Жабе­кеңнің ша­бытты шақ­тарын дәлел­дейтін «Ауыл әуендері», «Алтын бесік ауы­лым», «Алакөлім ауылым», «Күн­гейім менің», «Балалық қызық бал күндер», «Тұсаудағы тума», «Жырлайды жылдар» және «Ауылым алтын қазы­нам» атты жыр жинақтары бір төбе болса, туған жердің әнұранына айналған «Ауылым», «Қайран дәм», «Күндер-күндер», «Үр­жар вальсі», «Достық толғауы» және «Үржарым – құтты мекенім» атты ән мәтіндері де бір төбе.

Ел мен жерін емірене сүйіп, ет жүрегі елжірей жырлаған лирик ақын, ардагер ұстаз, тау тұлғалы ақсақал Жабайыл Бейсеновтің асқақ абырой, биік бедел иесі екендігін «ҚР Білім беру ісінің үздігі», «Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі», «ҚР Мәдениет саласының үздігі» және «Үржар ауданы­ның Құрметті азаматы» сияқты айшық­ты атақтарынан айқын тан­уымызға болады. 

Республика күніне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаевтың Жарлығымен жасы 90-нан асатын абыз ақсақалымыз Жабайыл Бейсенов «Құрмет» орденімен марапатталды. Абы­ройлы марапатты Үржар ауданы­ның әкімі Ақылбек Башимбаев, орын­басарлары Серік Тілемесов, Әнет Тұр­лыбеков, аудандық мәслихат төрағасы Асқар Омаров, Абай облыстық мәсли­хаты депутаты, кәсіпкер Мамырбек Қарашев, жергілікті ақындар Амангелді Заманбекұлы мен Серікбек Туғанов және аудандық мәдениет үйінің дирек­торы Қанат Сатмұхаметов арнайы ба­рып, салтанатпен табыстады.

Амантай ОСПАНОВ,

ҚР Журналистер одағының мүшесі