Айтуынша, алғаш түскен фильмінің сценарийі ұнаған.
«Оңбағандар, мені алдап кетті»: Уәлибек Әбдірайымов киноға түсемін деп алданып қалғанын айтты
Фото: видеодан кадр
3,406
оқылды

Актер, танымал әзілкеш Уәлибек Әбдірайымов толық метрлі фильмге түскенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Актер Қайрат Әділгерей Уәлибек Әбдірайымовты «Кеттік, бәрін таста» фильміне түсуге көндіру оңай болмағанын жасырмады.

«Уәлибек Әбдірайымов бізде әзілдің атасы ғой. Кастинг директор бізге қалай болса да Уәлибек Әбдірайымовты осы киноға шақыру керек екенін айтады. Бұл оңай іс болған жоқ. Бұл кісі бұған дейін қаншама кинодан бас тартты. Қалай келіскенімізді айтпай-ақ қояйын. Оны көндіру үшін барымызды салдық. Ағамыз сөзімізді жерге тастамады. Әлі күнге дейін рақмет айтамын», – дейді ол. 

Уәлибек Әбдірайымов алғаш түскен фильмінің сценарийі ұнағанын айтты. 

«Екі бала құл болып кетеді. Сіз сол құлдардың атаманы боласыз деді. «Былапыт сөздер, орысша сөздер жоқ па?» деп сұрадым. Ондай болмайды деді. Сосын келістім. Бірақ мен түскен жерлерде ғана болмапты ондай сөздер. Оңбағандар, мені алдап кетті. Мен бұл киноға бір сөз айтуға ғана бардым. «Жәйша жүрсіңдер ме?» деп айтады екенмін. «Шаншарда» хит болған сөзіме бола түсіріпті ғой», – деді актер «Қызық Times» бағдарламасында. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.