Бүркеншік аты: Qūmnarynnyñbalasy
Ауылдасым
Ауылдасым
Бірге ұшкан, бір ұядан бауырласым
Төсінде туған жердің ойнақ салар
Білемін басқа жанның табылмасын
Ауылдасым
Ақ көңіл, ағам інім, қарындасым
Қолында бар-жоқты аямайтын
Сен менің байлығым да, барымдасың
Ауылдасым
Пейілің, дархандығың тарылмасын
Қоранда төрт түлігің егіз тауып
Жанұяң жақсылықтан арылмасын
Ауылдмасым
Кеудеме, қабырғамда, қанымдасың
Ауылдан асып түсіп жырақ кетпес
Көзімде, жанарымда, жанымдасың
Ауылдасым
Орманым, тоғайым да, бағымдасың
Жүрегім тыным таппай тыпыршиды
Сендерді алып-ұшып сағынғасын
Ауылдасым.
Ауылдасыма
Кез жетті досым ойлайтын ауыл, аймақты
Кіндік қан тамған жеріңді, туған мекенді
Ұмыттың қалай құрт-майын балдай қаймақты
Жәннатың барда қайтесің ойлап бөтенді
Сен жүрген жолдар жатыр ғой ізі өшпеген
Сол жоқта, құмдар ықысы-жаз мәңгі өзгермес
Кетігінді іздеп шыққансың сенде көшпенен
Жырақтап кетпе, арманмен бірге көз көрмес
Баяғы қалпы күтеді аңсап боз дала
Құшағым жайып, кіршіксіз таза көңілмен
Төсінде туған, көбелек қуған боз бала
Келер деп босап қарбалас мына өмірден
Дос, тума, көрші, ағайын сені ұмытпас
Алдында өскен құлыншақ төбел тентегін
Жақсыны жыр ғып, жаманға шаң да жуытпас
Ауылмен бірге көгерер сенің ертенің
Мансабың асқан, байлығың тасқан зор ма оған
Көгершін көңіл аса бір қамқор күтпейді
Жаһанды кезіп, болса-да жерің қалмаған
Жусаны дауа ауылға сірә жетпейді
Хал-жайың бар демей түс, жолдас, бауырды
Ұшырған төстің түлегі екенінді танытып
Мезгілді күтпей аралап тұршы ауылды
Мауқынды басып, атыңды әркез арылтып
Бірге бол елмен, жүрегің болсын осында
Туған жер ұлын қолдайды, желеп қорғайды
Жұртынан безген жексұрындарға қосылма
Отанын сүйген бақытсыз пенде болмайды
Ауылдасыма
Сен жүрсің досым ауылдан алыс жырақта
Оралар күнің барма елге басты бұратын
Барқытты киіп, мінсенді небір пыраққа
Туған жер төсі сендерді күтіп тұратын
Орның тұр әні кетігі бітпей қаланбай
Перзенттін күтіп, үмітінн үзбей ертеңнен
Үлесеіңді қос, үй салмасаңда қамалдай
Қыраны қайда, ауылдан ұшқан, ел сенген
Алыстан бұлғап қолыңды жүрген жарамас
Еске алшы сонау балалық шақты, кездерді
Ниеті түзу қиындықтарға қарамас
Дәніңді себер, теріңді төгер кез келді.
Өлкеңе келер мән-жәйің елдің білмейтін
Жүректі қойып, білекпен шайқар тірлікті
Кейінге тартып, озғанмен қатар жүрмейтін
Ту қылып ұстар сілкілеп, тартып бірлікті.
Жеріңде тозар, еліңде азар жерлесім
Не пайда қане жүргенің тасым, арқырап
Емгенің өлсе болмай ма сонда ерге сын
Күтімін қылсаң жанар-ау қайтып жарқырап.
Саясы қандай, ауасы қандай аңқыған
Туған жер деген ел-жұрттың, қара орманың
Не қайыр ессіз сұлтаннан шетте балқыған
Одан да елдің ұлтаны жақсы болғаның.
Ауылдың жәйін білесің, досым білесің
Гүлі де жаңа, күні де дара, өзгеше
Шамалап тұрмын елеңдеп сенде жүресің
Жүрегі құрсын мекенді туған сезбесе.
Туған жерім тұңғыштардың мекені
Туған жерім тұңғыштардың мекені,
Орда деген қасиетті қара құм.
Мұнда туған бақытым бар бес елі,
Қыранға ұқсап құс тістеген баламын.
Іздер жатыр сонау өшпес жалын бар,
Сол жолдарды жалғастырар жалғаспын.
Құм Нарында қанша қыран, дарын бар,
Келген құрсақ мен емеспін алғашқы.
Мақтан тұтам, даналармен мақтанам,
Қуан қазақ, осындай жер барында.
Қызмет жолын өз жерінен бастаған,
Қолдау көрсет құмда өскен нар ұлға.
Елге қызмет менің басты мақсатым,
Адал еңбек, қолдан тірлік келгенше.
«Арам атақ, сасық ниет, ақша су»
Мендік ұран бұл өмірден өлгенше.