Ол 2019 жылдан бері сот төрағасы қызметін атқарған.
Орал қалалық сотының төрағасы пара алу үстінде ұсталды
www.istockphoto.com
468
оқылды

Орал қалалық сотының төрағасы Руслан Жұмағұлов пара алу үстінде ұсталды. Төрағамен қоса екі адвокат ұсталған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Уральская неделя" басылымының мәліметінше, олар айыпталушы азаматты ақтап шығу үшін 1,5 миллион теңге мөлшерінде пара алмақ болған. Жедел-тергеу амалдарын ҰҚК орталық аппаратының және БҚО бойынша департаментінің қызметкерлері жүргізді.

Руслан Жұмағұлов 1980 жылы туған. 2001-2011 жылдары аралығында БҚО прокуратура органдарында жұмыс істеген.

2011-2015 жылдар аралығында адвокат болып қызмет еткен.

2015 жылы Оралдағы қалалық сотқа судья болып тағайындалып, 2019 жылы соттың төрағасы болған.