Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаменті мәлімдеді.
Хасан Қасымбаев 2 айға қамауға алынды
353
оқылды

Талғарда "Хутор" ұйымдасқан қылмыстық тобының басшысы делінген Хасан Қасымбаев екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 4 қараша күні Алматы облысы Қонаев Мамандандырылған тергеу соты Хасан Қасымбаевқа бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішті қарады. Сот қаулысына сәйкес Хасан Қасымбаев екі айға қамауға алынды.

Бұған дейін “Хутор“ ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі делінген Хасан Қасымбаевтың ұсталғаны жөнінде хабарлаған едік. Ол 2021 жылдың маусымында А-ның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және ұрлады деген күдікке ілінген.