Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Франция Республикасына мемлекеттік сапары салтанатты қарсы алу рәсімінен басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысын әскери оркестрдің сүйемелдеуімен президент Эмманюэль Макрон қарсы алды. Қазақстан мен Францияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды.



Президенттер республикалық гвардия, әуе-ғарыш, құрлық және теңіз әскерлерінен жасақталған Құрмет қарауылының алдынан жүріп өтті.


Бұдан кейін мемлекеттер басшылары Құрмет қарауылының салтанатты шеруін тамашалады.


Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон бір-біріне ресми делегация мүшелерін және құрметті қонақтарды таныстырды.