Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы
«Поэзия» номинациясы: Көк байрақтың иесі Көктүрікпін
204
оқылды

Бүркеншік аты: Арыстан

 

КӨК БАЙРАҚТЫҢ ИЕСІ КӨКТҮРІКПІН

 

Көк байрақтың иесі Көктүрікпін,

Дербестігім діңгегім деп біліппін.

Мен қазақпын, танып ал Мәңгі елмін,

Тамырында табы бар тектіліктің.

 

Бағзы кезде басымнан не өтпеді,

Таңбаланып тұр тарих деректері.

Сақ, Ғұндардан басталған ата жолым,

Тұғырыма қондырды демеп мені.

 

Рас, күнін кешкенмін өлместің де,

Еңбегімнің жемісін теріп өстімде.

Қазақ азат атанды ғажап ел боп,

Қазақ мазақ болмайды енді ешкімге.

 

Жасампазбын жарыссаң жеңілерсің

Құшағым кең достар кеп төріме енсін,

Қаһарлансам қара жер қақ айрылар,

Тайсалмаған даңғойлар мені көрсін.

 

Егемендік екінші анам едің,

Кіндігімнен байланған балаң едім.

Сексен алтыда сәби боп туылдымда,

Алашыма азаттық ала келдім.

 

Сен маған сый боп келдің ақын еттің,

Жігерімді жаныдың батыр еттің.

Өшкен үміт оттарын қайта жақтың,

Сәкен, Тұрар, Міржақып, Ахметтің.

 

Көңіл толқын тербетіп айдынымды,

Бақытым деп білемін байлығымды.

Шашуыңды шаш кәне, шартарапқа,

Қазағым құтты болсын той бүгінгі.