Нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу биылғы қараша айының ортасына дейін Үкіметтің ашық НҚА электрондық порталында жария талқылауға орналастырылды.
Елімізде көлікті техникалық байқау тәртібіне өзгерістер енгізілмек
427
оқылды

Елімізде рұқсат беру жүйесін енгізу арқылы техникалық байқау операторларының жұмысына бақылауды күшейту жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, бұған дейін техникалық байқау орталығының ашылуы жабдықтар мен білікті персоналдың болуын растамай, тек аймақтық инспекцияларды хабардар ету жеткілікті болған.

Ал енгізілгелі отырған өзгерістер техникалық байқаудан өтудің сапасын қамтамасыз етпейтін операторларды нарықтан шығаруға мүмкіндік береді,

- Бұл заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге техникалық байқау орталықтарын ашуға рұқсат алу, сондай-ақ стандарттарға сәйкес келетін ғимараттың, тиісті сертификатталған жабдықтың және білікті мамандардың болуын растау қажет, - деді ведомство өкілдері.

Нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу биылғы қараша айының ортасына дейін Үкіметтің ашық НҚА электрондық порталында жария талқылауға орналастырылды.

Қазіргі операторларға материалдық-техникалық базаның болуын растау үшін алты айға кейінге қалдыру нормасы берілмек.