Жыл бойы жұмыс істемейтін қызметкерлерге жалпы сомасы 8 млн теңгеден астам жалақы мен сыйақы аударылып отырған.
Астанада мектеп директоры жұмыс істемейтін қызметкерлерге жыл сайын 8 миллион теңге аударған
Фото: istockphoto.com
3,328
оқылды

Астана қаласы Байқоңыр ауданының прокуратурасы тексеру нәтижелері бойынша елордалық мектептердің бірінде бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жыл бойы жұмыс істемейтін қызметкерлерге жалпы сомасы 8 млн теңгеден астам жалақы мен сыйақы аударылып отырған.

Сот үкімімен мектеп директоры сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп жымқырғаны және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, оған 52,3 млн теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Кінәлі тұлғамен материалдық залалды толық көлемде өтелді.

Үкім заңды күшіне енді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.