Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы
«Поэзия» номинациясы: Бердібек Соқпақбаевқа арнау
255
оқылды

 

Бүркеншік аты: Zhanna

 

Бердібек Соқпақбаевқа арнау

 

Мынау байтақ  қазағымның жерінде,

Небір шайыр, ақын өткен тегінде.

Бабалардың ізімен бір асыл ұл

Сөз маржанын теруі де тегін бе?

 

Кең жайлаған Алатаудың етегін.

Биік тігіп Нарынқолда мекенін.

Шаңырағына шаттық болып ұл келді

Нұрға бөлеп Ыдырыстай көкенің.

 

Білімге әркез құмар болып жасынан,

Тентектігі табылып бір басынан

Бердібектей берік жігіт уәдеге

Қожа боп та таяқ жеген досынан.

 

Жазады ашық қазағынан көргенін,

Бала жастан естігенін, білгенін.

Өзін емес өзгені ойлап алдымен

Сәби көңіл ашық жарқын жүргенін.

 

Қай кезде де өнер елдің іші еді,

Қаламгерлік неткен ғажап күш еді!

Соқпақбаев Бердібекті сөз етсек

«Менің атым Қожа» еске түседі.

 

Балалығы соғыс өрті, шоқ тұсы,

Бәлкім содан жазушының отты іші.

Ойлап көрсең осыншалық жоқ екен

Балалар деп қалам тартқан көп кісі.

 

Ерте ұғынып жалғандығын фәнидің,

Қаламгердің білу оңай тарихын.

Повесінен оқисың да танисың

Құйып қойған Бердібегін әр үйдің.

 

Жазбасында әр кейіпкер шынайы,

Таза көңіл, өміршең ау шырайы.

Соқпақбаев салып кеткен сүрлеуден

Әрбіріміз өтудеміз ұдайы.

 

Соқпақбаев мұралары сарқылмас,

Мақтан тұтып лайықтасақ артылмас.

Кезек-кезек фильмге арқау туынды

Орден беріп дәріптеуге таптырмас.

 

Жаулап алған әдебиетті отарлай,

Талай жанды шың биікке апармай

Бір Советтік жүйе билеп сананы

Қадіріне қалдық пе екен  жете алмай.

 

Қанша ғасыр жатсақ та елім матаулы,

Егемендік алып жұртым жасаулы!

Соқпақбаев Бердібектей ұлының

Міне биыл 100 жылдығы атаулы.

 

Қоғамнан көп шеккен зәбір-жапасы,

Ұмытылмай елдің берген батасы.

Ғасыр тойың құтты болсын, қаламгер

Балалардың шын жанашыр атасы!