Өнер иесі жас айырмашылығын сөз ететіндердің азайғанын айтты.
"Мен де бәріне бірдей қол жеткізген жоқпын": Ерке Есмахан жан сырын ақтарды
Фото: Instagram: UGC
4,057
оқылды

Танымал әнші Ерке Есмахан жеке өміріне қатысты қолдаған жандарға ризашылығын білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өнер иесі жас айырмашылығын сөз ететіндердің азайғанын айтты. 

“Кеше ерінбей концерт туралы жазылып жатқан пікірлерді шолып шықтым. Концертті жақсы өтті деп жазып қана қоймай, жаңа деңгей деп те бағалап жатыр екен. Жолдасым үшін риза болдым. Еңбегі ақталды. Мақсаты орындалды. Бірақ байқағаным ол емес. Байқағаным, біздің жұбымыз бен отбасымызды жақсы көретін адамдардың көбейгені. Бұрынғыдай қабылдай алмау, шеңберден шықпау деген түсінік жоқ. Еркектің сөзіне, жасына емес, жасаған ісіне мән беруді түсініпті. Ал әйелдің әдемілігі ұштасса, бәрі керемет болатынын жазыпты. Бұрынғыдай жаман пікір мен хейт жоқтың қасы. Бақыт тілеп, сүйсініп, бата беріп жатқандар көп. Дегенмен  арасында өз өмірлеріне өкпелі жандар да табылады. Ауыр-ауыр сөздер жазып, жеңіл мазақ жазатындар да жоқ емес. Жанашырларымыз бір жаман пікірге бізді жақтаған 10 жауап қайтарыпты. Соны оқып, гүл-гүл жайнап отырмын”, – деді әнші. 

Сондай-ақ эстрада жұлдызы бір-бірін күндеп отыратын адамдарға өмірдің қысқа екенін еске салды.

“Жандарым, мына жалған өмірге келеміз де кетеміз. Болмайтын дүниеге уақыт құртпаңыздар! Фокус тек өзіңізде болсын. Ештеңеден қорықпай өздеріңіз махаббат, бақыт, тыныштық үшін күресіңіздер! Қиындау болып жатса, мені естеріңізге алыңыздар! Мен де бәріне бірдей қол жеткізген жоқпын. Мен сендерге үлгімін. Құшақтадым”, – деп жазды өнер иесі

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.