Қазақстанның көп бөлігінде көктайғақ болып, жел соғады және тұман түседі.
Жауын-шашын, аяз: елдің басым бөлігінде күн суытады
3,472
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 7, 8, 9 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ел аумағының басым бөлігінде циклон әсерінен ауа райы тұрақсыз болады. Жауын-шашын болып, арты қарға ұласады. Ал республиканың солтүстік жартысында боран соғып, қар жауады.

Қазақстанның көп бөлігінде көктайғақ болып, жел соғады және тұман түседі.

7 қараша күні түнде республиканың солтүстігінде қатты қар жауады, елдің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында 30 м/с және екпіні одан да күшті жел соғады. Сондай-ақ солтүстікте, шығыста, орталықта ауа температурасы түнде 5-10 градусқа дейін, күндіз 2-7 градус аязға дейін төмендейді, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 5 градус аяз - 3 градус жылы, таулы аудандарда 6-11 аяз болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.