"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ мәліметтері бойынша, қолайсыз ауа райы жағдайларына, қатты желге және жолды көру нашарлағанына байланысты 5 өңірдегі республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде қозғалыс жабық және шектелген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Түркістан облыстарында көлік құралдарының барлық түрі үшін қозғалыс жабық.
ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығында 8 (7172) 70-41-14, сондай-ақ Ақмола облысының ТЖД 8( 7162) 52-09-50 жедел желісінің телефоны ашылды.
Айта кетейік, дауылды ескертулер мен ауа райының нашарлауы кезінде ҚР ТЖМ мыналарды ұсынады:
алыс сапарлардан аулақ болу;
ауылдық жерлердің тұрғындары ұзақ жаяу сапарлардан бас тарту;
елді мекендерден тыс жерлерге шықпау;
жол жабылатын жерлерде көлік құралдарын жинамау;
мүмкін болса, елді мекендерде, кемпингтерде немесе жол бойындағы кафелерде болу.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.