Актриса Айгүл Иманбаева түсірілім кезінде сырқаттанып қалды, – деп жазды Aikyn.kz.
Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында денсаулығы сыр беріп, ауруханаға жеткізілгенін айтты.
"Түсірілімнен шыққанда дене қызуым көтеріліп, тамағым іріңдеп кетті. Сүйектерім қақсап, басым солқылдады. Бірден дәрігерлердің көмегіне жүгіндім. Қан қысымымды өлшеп, енді система қойғалы жатыр. Ауырмаңыздаршы! Түсірілім ішінен осылай ауруханадан бір-ақ шықтым. Ертең Астанаға ұшу керек. Жазылуым керек, одан басқа амалым жоқ", – деді ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.