Әншіні домбырасымен бірге ұшаққа кіру үшін қосымша 59 мың теңге төлем жасаған.
«Үшінші рет қорлап отыр»: Мақпал Жүнісова домбырасын бортқа өткізбей қойған әуекомпанияға шағымданды
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal
10,310
оқылды

Әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында домбырасын бортқа өткізбей қойған FlyArystan әуекомпаниясына шағымданды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Әншіні домбырасымен бірге ұшаққа кіру үшін қосымша 59 мың теңге төлем жасаған.

"Аты-жөні жазылмаған. Домбыра деп көрсетпесе де, оны 59 мың теңгеге әрең өткіздік. Мен үшінші рет осындай жағдайға тап болып отырмын", – деді әнші.

FlyArystan әуекомпаниясы Мақпал Жүнісованың бұл шағымына бірден жауап беріп, музыкалық аспаптарды тасымалдау бойынша арнайы ереже бар екенін жазды. Ережеге сай, аспапты бортқа алып өтуге тек қол жүгі ретінде рұқсат беріледі. Ол үшін аспаптың салмағы 5 келіден аспауы қажет, ал көлемі 56x23x36 см-ден үлкен болмауы керек. 

«FlyArystan әуекомпаниясы қазақ халқына, тіліне, мәдениеті мен тарихына зор құрметпен қарайтынын мәлімдейміз. 5 жыл ішінде біз тек қолжетімді билеттерді ғана емес, сонымен біраз мәдени, рухани шараларға атсалысып, ұлттық өнердің дамуына өз үлесімізді тигізіп келудеміз. Алайда біз әуекомпания болғаннан кейін және де бірінші орынға қауіпсіздік пен жолаушылардың жайлылығын қоя отырып, авиация ережелерін қатаң ұстануымыз тиісті. Домбыра өлшемі стандартты қолжүк өлшемдеріне (56*23*36) сәйкес келмейтіндіктен, жолаушы «Музыкалық аспапты тасымалдау» қызметін (жолаушының қасындағы қосымша орын) рәсімдеуі керек. Бұл көптеген лоукост әуекомпаниялар қолданылатын халықаралық тәжірибе. Осы ереже борттағы барлық 200-ге жуық жолаушыға қолжүгін орналастыру құқығына кепілдік береді, сондай-ақ құралдың бұзылуын/бүлінуін болдырмау үшін қолданылады», – деп жазды FlyArystan әуекомпаниясынан.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.