Президенттің Жарлығымен 2 адам Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды, – деп хабарлады Ақорда.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына 2 адам тағайындалды
Фото: sputnik.kz
585
оқылды

Президенттің Жарлығымен 2 адам Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды, – деп хабарлады Ақорда.

Азамат Мақсотұлы Айманакумов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды;

Михаил Михайлович Бортник Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін  Орталық сайлау комиссиясының 2 мүшесі қызметінен босатылған болатын.