Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазақстандық саңыраулар қоғамының «Шығыс» корпоративтік қорының басшысын алаяқтық жасағаны үшін әшкереледі.
«Шығыс» қорының басшысы саңырауларға тиесілі 115 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Фото: istockphoto.com
218
оқылды

Қазақстандық саңыраулар қоғамының «Шығыс» корпоративтік қорының басшысы әшкереленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Антикордың мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саңыраулар қоғамының «Шығыс» корпоративтік қорының басшысын алаяқтық жасағаны үшін әшкереледі.

"Ол мүгедектерге ымдау тілі мамандары сурдоаударма қызметтерін көрсетті деп өз карточкалық шотына 115 млн теңге сомасында бюджет қаражатын аударым жасау арқылы иемденді деп күдікке ілінді", – делінген хабарламада.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.