Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы
«Поэзия» номинациясы: Қазағым
177
оқылды

Бүркеншік аты: Сөз қыран

 

Қазағым

 

Бала кезден ел қамын алаңдаймын,

Бірақ топта несіне шабандаймын.

Кезіндегі жоңғарды ойсыратқан,

Рухын беріп қойғандай Қабанбайдың.

 

 Лақтырғанда алшы түскен сақамдай,

Үш жүзін бар қолдап тұрған бақандай.

Жүрген жерін той қылатын ағайын,

Сегіз қырлы бір сырлымын Ақандай.

 

Қазақ елі бермейді ғой текке үміт,

Қазақ ұлтын жібермейді тектілік.

Енді бізге жыр алыбы Жамбылдай,

Бір ғасырлық ғұмыр берсе жеткілік.

 

Ер жігіт дос болама бек алыспай,

Жанымнан кетпеңіздер тек алыстай.

Жұмылып жүргеніміз дұрыс болар,

Кезіндегі зиялы бес арыстай.

 

О бастан-ақ қазағым аз-ақ едің,

КСРО-ға бодан боп мазақ едің.

Тұлғалар да азайып бара жатыр

Мыржақыптай оятқан қазақ елін.

 

Алайда мен қазақты даралаймын,

Өлеңмен өнерді кеп аралаймын,

Жазылған шығармасын әлем білген,

Ізін басып келемін Дана Абайдың.

 

Жақсы тұсын білемін әңгіменің,

Жаралансам жіберер тәңір елін,

Шетел асып ән салып жүрсінші деп,

Даусын беріп қойғандай Әміренің.