Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы екі жыл бұрын өмірден өткен жолдасын еске алып, желіде әсерлі жазба жариялады.
"Біраз дүниені түсіндім": Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуіне жазба арнады
Фото: Ләйлә Сұлтанқызының Youtube арнасынан
5,907
оқылды

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы екі жыл бұрын өмірден өткен жолдасын еске алып, желіде әсерлі жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Алланың алдында дәрменсіздігімізді мойындағанымыздың арқасында сынаққа сынбай, жер басып жүргендейміз. Көңіліме қаяу түскелі тура 2 жыл. Балаларымыздың алдында жылап, әлсіздігімді көрсете бермеймін, көрсеткім де келмейді… Бірақ осы уақытқа дейін іштей біраз дүниені түсіндім. Бүгін Қайрекеме құран бағыштап, ниет етіп жатырмыз", – деп жазды ол әлеуметтік желіде. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.