Қарағанды облысында ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан 7 адамды құтқарды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Таңертең Осакаровка ауданында Степное ауылынан 10 шақырым жерде жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған.
- Құтқарушылар дереу оқиға орнына жетіп, көлік ішіндегі 7 адамды, оның 5-і бала қар құрсауынан шығарды. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Азаматтар жақын маңдағы елді мекенге жеткізілді, - делінген ТЖМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
ТЖМ қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Ауа райының өзгеруін, жолдардағы қозғалыстың шектелуін қадағалауды сұрайды.