Есіл ауданында сағат 08.30-дан 17.30-ға дейін жылу магистралінің жұмысы тоқтатылады.
Астананың сол жағалауында жылу мен ыстық су өшіріледі
319
оқылды

8 қараша күні елорданың сол жағалауындағы Есіл ауданында жылу мен ыстық су өшіріледі, - деп хабарлайды Aikyn.kz «Астана-Теплотранзит» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«8 қарашада Астананың Есіл ауданында сағат 08.30-дан 17.30-ға дейін жылу магистралінің жұмысы тоқтатылады. Осыған байланысты жылу мен ыстық су болмайды», – делінген хабарламада.

Ресми мәліметке сәйкес, су мен жылу 7 қарашада өшірілуі керек еді, алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты жұмаға ауыстырылған. «Астана-Теплотранзит» компаниясы су мен жылу желілерінде ешқандай апат болмағанын, кезекті жөндеу жұмысы жүргізілетінін мәлімдеді.