Іздестіру-құтқару жұмыстары нәтижесінде құтқарушылар Арыс ауылынан 2 шақырым жерде ер адамды тауып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Арыста жоғалып кеткен адам екі күннен кейін табылды
Фото: видеодан кадр
1,467
оқылды

Түркістан облысының құтқарушылары жоғалған адамды тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 112 пультіне Отырар ауданы Арыс ауылында 1978 жылы туған ер адамның үйден шығып, қайтып оралмағаны туралы хабарлама келіп түскен.  

«Туған бауырым Ербол үйден хат-хабарсыз шығып кетіп, содан таба алмай қалдық. 5 қарашадан 7 қарашаға дейін іздестіру жұмыстары болды. Полиция, төтенше жағдайлар қызметкерлеріне, ауыл тұрғындарына үлкен алғыс айтамын. Бауырымды аман-сау тауып берді», –  дейді видеода ер адам.

Іздестіру-құтқару жұмыстары нәтижесінде құтқарушылар Арыс ауылынан 2 шақырым жерде ер адамды тауып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. 

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.