Ол үйдің дәмі бөлек екенін айтады.
«Қолдан нан жауып, ет сүрлеу»: Гүлзира Айдарбекова келіндеріне қандай талап қоятынын айтты
Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova
1,675
оқылды

Продюсер Гүлзира Айдарбекова келіндеріне қандай талап қоятынын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.  

Айтуынша, продюсер келіндеріне алдымен дәмді ас пісіріп, нан жабуды үйретеді.

“Нұрекең үйді әбден сағынады. Жолға шығатын болсақ, көз ілмейтін әдетіміз. Қанша жерден түрлі тағам жеп жатсақ та, өз үйіңнің дәмі бөлек қой. Аңсап келесің. Келіндерді қолдан нан жабуға, етті сүрлеп, иісін бұрқыратып асып қоюларына о бастан үйретіп тастаймын. Ертең өз келіндері де осылай күтетін шығар?! Қай жаққа кетсем де, осы сәтті сағынамын. Отбасымен ыстық ұямызда жиналып, ақылдасамыз”, – деп жазды продюсер. 

Продюсер бұған дейін жолдасы Нұртас Айдарбековпен демалыста түскен видеосын жүктеп, былай деп жазған еді: "Мен өзімді әрқашан бақытты сезінемін. Сен неге екенін білесің бе? Өйткені мен ешкімнен ештеңе күтпеймін. Күту әрқашан ауыр. Өмір қысқа… Бақытты бол және күлімде".

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.