"Астарлы ақиқатқа" қайта оралғанын хабарлаған Дина Төлепберген Instagram-дағы парақшасында бағдарламаның анонсын жариялап, елдің қызу талқысына түсті.
"Ел білетін шындықты неге айтпасқа": Мөлдір Әуелбекова Дина Төлепбергенмен сұхбат кезінде түсірілімді тоқтатуды талап етті
Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova
7,200
оқылды

"Астарлы ақиқатқа" қайта оралғанын хабарлаған Дина Төлепберген Instagram-дағы парақшасында бағдарламаның анонсын жариялап, елдің қызу талқысына түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Видеода тележүргізуші Мөлдір Әуелбековамен сұхбаттасып отырғанын көруге болады. Алайда әнші бір уақытта оның сұрақтарына жауап беруден бас тартады. Ол өзіне алдын ала келісілмеген сауалдарды қойған журналиске шүйлігіп, түсірілімді тоқтатуды сұрайды. 

Желі қолданушылары эстрада жұлдызы мен тележүргізушінің жанжалдасып қалуына не себеп болғанын талқылады.

"Не болып жатыр? Мөлдір қатты ашуланып кетіпті", "Дина ханым, сіздікі дұрыс емес секілді", "Сұхбатқа келген соң жауап беру керек деп ойлаймын", "Қызық, енді эфирді күту керек болды", "Не болса да, бағдарлама шыққанда білерміз. Біраз Әуелбекова тым ашулы сияқты", –  деп жазды олар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.