Нәтижесінде, «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы есірткі заттарын жарнамалайтын 30 есірткі алаңы бұғатталды.
Қауіпті 30 Telegram арна бұғатталды
Фото: vorota-mitino.ru
226
оқылды

Жетісу облысы прокуратурасы заңсыз есірткі заттарын жарнамалау деректерін анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстан Бас прокурорының тапсырмасын орындау мақсатында облыс прокуратурасының қызметкерлерімен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында белгісіз тұлғалармен есірткі және психотроптық заттарды насихаттау, жарнамалау және сатумен айналысатын мессенджерлердегі арналар мен сайттар анықталды.

Нәтижесінде, «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы есірткі заттарын жарнамалайтын 30 есірткі алаңы бұғатталды.

Облыс прокуратурасымен аталған бағытта жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.