Елордалық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылғы 6 қарашада сотқа аға тергеушіден Руслан Жұмағұловқа қатысты 10 тәулікке қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат түскен.
Орал қалалық сотының төрағасы қамауға алынды
Фото: БҚО соты
500
оқылды

Орал қалалық сотының төрағасы 10 тәулікке қамауға алынды. Астана қаласының тергеу сотында санкцияны қолдану туралы өтініш қаралды, – деп хабарлайды Aikyn.kz "Мой город" басылымына сілтеме жасап. 

Елордалық соттың мәліметінше, 2024 жылғы 6 қарашада сотқа аға тергеушіден Руслан Жұмағұловқа қатысты 10 тәулікке қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат түскен.

"Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен күдікті Жұмағұловқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат қанағаттандырылды", –  делінген сот хабарламасында.

Сондай-ақ сот тергеу сотына адвокаттарға қатысты материалдар келмегенін айтты. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланған жоқ.

Еске салайық, 5 қазанда Орал қалалық сотының төрағасы Руслан Жұмағұловтың қамауға алынғаны белгілі болды. 

Бұқаралық ақпарат құралдарында тараған ақпаратқа сәйкес, судья мен екі адвокат пара алды деген күдікпен ұсталған. 1,5 миллион теңге сотталған азаматқа қатысты оң шешім шығаруға берілген. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.