Ел аумағының басым бөлігінде солтүстік циклон әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады.
Қарлы боран, көктайғақ: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
3,112
оқылды

"Қазгидромет" РМК 9, 10 және 11 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағының басым бөлігінде солтүстік циклон әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады.

Алдағы күндері қар жауып, батыс және оңтүстік аймақтарда жауын-шашын, жаңбыр, қарлы боран мен көктайғақ күтіледі.

Қазақстанның басым бөлігінде секундына жел екпіні 15-29 м/с болады. 9 қарашада түнде Қостанай облысында, 10-11 қарашада республиканың шығысында қалың қар жаууы ықтимал.

Республиканың оңтүстігінде ауа температурасы күндіз 8-13 градусқа дейін, таулы аймақтарда 5 градусқа дейін жылы болады деп күтілуде.