Облыстық Полиция департаменті кісі өлтіру дерегі бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді.
Таразда жалдамалы пәтерден екі әйелдің мәйіті табылды
531
оқылды

7 қараша күні кешке Тараз қаласының орталығындағы жалдамалы пәтерден зорлық-зомбылықпен өлтірілген екі әйелдің мәйіті табылды,  деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Марқұмдардың бірі Алматы қаласының тұрғыны, екіншісі тараздық екені белгілі болды.

Жамбыл облыстық  Полиция департаменті кісі өлтіру дерегі бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді.

Оқиға орнына Жамбыл облысы Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы мен басшылығы барды. Күдіктіні анықтау және ұстау үшін барлық қажетті тергеу-жедел  шаралар жүргізіліп жатыр,  деп хабарлады ведомство.