Шымкент қаласында Ұлттық бала асырап алу агент­­­тігінің ұйымдастыруымен «Баланың бақытты мекені – отбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – Қазақстанда Кәсіби қа­былдаушы отбасы институтын енгізу бойынша ақпарат беріп, қатысушылар арасында пікір алмасу. Қазір бұл институтқа қатысты заң жобасы Мәжілістің жұмыс тобының қарауында.
Отбасы – баланың бақытты мекені
161
оқылды

Дөңгелек үстелге ата-анасы­ның қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру саласын­дағы өзгерістерді талқылау үшін Білім беру, Денсаулық сақтау, Әлеу­меттік жұмыспен қамту басқар­ма­ларының өкілдері, қорған­шылық және қамқоршылық органдарының қызметкерлері, педагог мамандар мен журналис­тер қатысты. Шарада кәсіби қа­былдаушы отбасылардың ерек­шеліктері мен баланы қабылдаған отбасылардың құқықтарын қор­ғау мәселелері жан-жақты қарас­тырылды.

Қатысушылар кәсіби қабыл­даушы отбасылардың міндеттері, олардың еңбек ақысы, отбасы мүшелерінің құқықтары мен мін­деттері жайлы қызу пікір талас­тырып, талқылау барысында «Кәсіби қабылдаушы отбасын­дағы баланың құқықтары кімнің бақылауында болады?», «Отба­сы­ның міндеттерін қалай қада­ға­лау қажет?» деген сауалдар тал­қы­лан­ды. Сонымен қатар от­басы­­лар­дың қолдау механизм­дерін жетіл­діру қажеттігі де аталып өтті.

«Ұлттық бала асырап алу агент­тігі» жобасының басшысы Фарида Рахметова бұл инсти­тут­тың, бала­лардың құқығын қам­тамасыз ету үшін әлеуметтік қыз­мет­керлер мен қорғаншылық орган­дарының санын көбейтудің маңызды екенін атап өтті. Бұл шаралар өтініштерге жылдам жау­ап беруге, асырап алушы от­басы­­ларға қажетті көмек көрсе­туге, бала­лардың құқық­тарының сақ­тал­уын қадағалауға мүмкіндік береді.

Іс-шараның нәтижесінде мемлекеттік органдарға Кәсіби қабылдаушы отбасы институ­тының маңыздылығы туралы ег­жей-тегжейлі баяндалды.

Н.САЙЛАУҚЫЗЫ