Алайда, алқабилер соты күдіктілерді ақтап шыққан еді.
Петропавлда адам өлтіріп, 150 мың теңгесін қолды қылған екі жасөспірім 12 жылға сотталды
280
оқылды

Петропавлда кісі өлтірді деп айыпталған екі жасөспірім 12 жылға сотталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Максим Ивановский мен Евгений Баширов Мағжан Жұмабаев ауданындағы Медвежка ауылында адам өлтіріп, марқұмның 150 мың теңгесін қолды қылған. Көп ұзамай полицейлер күдікке ілінгендерді құрықтап, қылмыстық іс қозғады. Алайда, алқабилер соты жасөспірімдерді ақтап алды.

Артынша жәбірленуші тарап бұл шешіммен келіспей, аппеляцияға берген. Араға бірнеше ай салған соң, жаңадан қаралған істің нәтижесінде айыпталушылар кінәлі деп танылды.

Қос қылмыскер кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған мекемеде жазасын өтейтін болады.