Зардап шеккен екі адам Ақтөбе қаласына ҚР ҚМ ЯК-40 ВОСВОД ұшағымен жеткізілді.
Ақтөбе облысында Қорғаныс министрлігінің МИ-8 тікұшағы құлап, бір адам қаза тапты
339
оқылды

Бүгін, 9 қарашада сағат 11:40-та Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыарқа ауылының маңына әскери тікұшақ құлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алдын ала болжам бойынша әуе кемесі Қорғаныс министрлігіне тиесілі екені айтылды.

“Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 23 адам мен 5 техника жіберілді. Оқиға орнына келген ТЖМ құтқарушылары өртті жойды. МИ-8 тікұшағының бортында 3 адам болған. Олардың біреуі қайтыс болды”, – делінген ведомство хабарламасында.

Зардап шеккен екі адам Ақтөбе қаласына ҚР ҚМ ЯК-40 ВОСВОД ұшағымен жеткізілді. 

Оқиға туралы ақпарат нақтыланады.