Ақтөбе облысында өртенген тікұшақтан зардап шеккендер Ақтөбедегі стационарға жеткізілді.
Ақтөбе облысындағы тікұшақ апаты: зардап шеккендердің жағдайы қалай?
507
оқылды

Бұл деректі Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері хабарлады, – деп жазады Aikyn.kz.

Ведомство мәліметінше, зардап шеккендердің жағдайы тұрақты ауыр. Науқастар есін біледі, сұрақтарға жауап бере алады.

"Ауылда тікұшақ құлағаны туралы хабарлама 103-ке сағат 11:36-да түсті. Оқиға орнында екі науқасқа Мәртөк аудандық ауруханасының жедел жәрдем бригадасы көмек көрсетті. Бір жәбірленуші 103 келгенге дейін қаза тапты", – деп жазылған хабарламада.

Ақтөбеде науқастарды әуе айлағында екі жансақтау бригадасы қарсы алды. Екі адам күйік алған. Қазір зардап шеккендерге диагностика жүргізіліп жатыр.